Қосымша ақы төленетін қызметтер:
Серікбол Қондыбай атындағы Мифология музейіне бару. Музейдің көрме залдары мифологиялық көріністермен безендірілген.
Кіру билеті:
— ересектер үшін — 100 теңге;
— оқушылар үшін — 30 теңге.
Музей бойынша экскурсиялық қызмет:
— ересектер тобы үшін — 500 теңге;
— оқушылар тобы үшін — 300 теңге.
Музей залдарында суретке түсу құқығы — 100 теңге / адам.
«Қазақ киіз үйінің шаңырағы астында» экскурсиясы. «Көгез» этноауылының киіз үйлі кемпингінде өтеді — 500 теңге / адам (маусымы: наурыз–қараша).
Бұл — көшпелі тұрғын үйді жасаудағы адамзат жетістіктерінің шарықтау шегі саналатын, ең ғажайып баспана — киіз үй туралы экскурсоводтың әсерлі әңгімесін тыңдауға мүмкіндік.
«Көгез» этноауылының кафесінде түскі ас (маусымы: наурыз–қараша) — баға алдын ала тапсырыс бойынша қалыптастырылады.