05/04–11 «ТҮБЕКТІҢ ТІРІ СУЫ»
Автобуспен, 12 сағат. Қашықтығы — 160 км.
Бұл экскурсия Маңғышлақтағы ауызсу мәселелері мен оны өндіру үдерісіне арналған. Сіз ауызсу дайындайтын зауыттың жұмысымен, сондай-ақ түбектің жер қойнауындағы минералды су қорларымен танысасыз. Құрық кентіне бару барысында оның тарихы, қазіргі дамуы және болашақтағы перспективалары туралы мағлұмат беріледі.
Бақылау алаңынан бірегей паром кешенін тамашалау, шипалы суы бар суемдеу емханасына бару қарастырылған. Экскурсия Жыланды мүйісіндегі әсем теңіз жағалауында демалыспен аяқталады.