05/04–26 «ТАРАС ШЕВЧЕНКО ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ІЗІМЕН»
Автобуспен, 16 сағат. Қашықтығы — 336 км.
Бұл экскурсия барысында Ұлы ақын әрі суретші Тарас Григорьевич Шевченконың өмірі мен шығармашылығымен байланысты тарихи орындарды аралайсыз. Экскурсия Маңғышлаққа жер аударылған кезеңінде украин кобзарының өмірі мен шығармашылығына арналған музей орналасқан көне жағалаудағы Форт-Шевченко қаласына барудан басталады.
Маршрут бойында Шевченко өз суреттерінде бейнелеген Қарағашты әулие және Долы апа көне некропольдерін көріп, мемориалдық сәулет нысандарының алуан түрлілігімен танысып, олар туралы аңыздар мен шежірелі әңгімелерді тыңдайсыз. Экскурсия Ханға баба көркем шатқалында демалыспен аяқталады.