МИКС-ТУР: «Шерқала тауы — «Көгез» этноауылы — Шоманай аңғары — Айрақты (Қамалдар аңғары)»
Автобуспен, 12 сағат. Қашықтығы — 390 км.

Экскурсия бағыты Қарақия ойпаты арқылы өтеді, Ұлы Жібек жолының керуен соқпақтары жатқан өңірлерді кесіп өтіп, Маңғышлақтағы X–XII ғасырларға жататын, ең ірі көне қоныстардың бірі орналасқан аумақта аяқталады.
Бағдарлама аясында адам аңыздарына арқау болған табиғаттың бірегей туындысы — Шерқала тауының етегін айнала жаяу серуен ұйымдастырылады. Сапар Айрақты–Шоманай аңғарында (Қамалдар аңғары) тәмамдалады. Бұл аңғардың ортасында ортағасырлық асқақ қамалдарды елестететін тау қалдықтары бой көтеріп, әрбір бұрылыста жартас массивтерінің жаңа бейнесі ашылады.
Аталған таулардың асқақтығы, ауқымы мен қайталанбас көркем келбеті кезінде украин ақыны әрі суретшісі Тарас Григорьевич Шевченкоға зор әсер етіп, оны жаңа шығармалар жазуға шабыттандырған.
Бағасы: 10 500 теңге / адам.
Балалар тарифі (12 жасқа дейін) — негізгі құнынан 50 %.
Қосымша ақы төленетін қызметтер:

Серікбол Қондыбай атындағы Мифология музейіне бару.
Музейдің көрме залдары мифологиялық көріністермен безендірілген.
Кіру билеті:
ересектер үшін — 100 теңге;
оқушылар үшін — 30 теңге.
Музей бойынша экскурсиялық қызмет:
ересектер тобы үшін — 500 теңге;
оқушылар тобы үшін — 300 теңге.
Музей залдарында суретке түсу құқығы — 100 теңге / адам.

«Қазақ киіз үйінің шаңырағы астында» экскурсиясы
«Көгез» этноауылының киіз үйлі кемпингінде өтеді — 500 теңге / адам
(маусымы: наурыз–қараша).
Бұл — көшпелі тұрғын үйді жасаудағы адамзат жетістіктерінің шарықтау шегі саналатын, ең ғажайып баспана — киіз үй туралы экскурсоводтың әсерлі әңгімесін тыңдауға мүмкіндік.

«Көгез» этноауылының кафесінде түскі ас
(маусымы: наурыз–қараша) — баға алдын ала тапсырыс бойынша қалыптастырылады.
Error get alias
Error get alias