«МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚҰМДЫ ЖАҒАЖАЙЛАРЫ»
Автобуспен, 12 сағат. Қашықтығы — 280 км.
Экскурсия Каспий теңізі жағалауындағы «Көгілдір қойнау» аймағында демалысты қамтиды. Мұнда жабайы жағажай, ерекше түсті су, гроттары бар құпиялы жартастар, сондай-ақ Каспийдің көгілдір толқындары үстінде асқақтап тұрған «Шайтан саусағы» атты биік жартас табиғаттың қайталанбас көрінісін ашады. Бұл теңіз жағасында теңіз көрінісінің қуаты мен сұлулығын сезініп, толқындардың баяу сыбдырымен жартасты қияда отырып қармақ салуға тамаша мүмкіндік.
Одан әрі сапар Саура каньонына жалғасады. Сізді көркем каньон бойымен қызықты серуен, Саура көлінде Қызыл кітапқа енген су-батпақты тасбақаның тіршілігін бақылау мүмкіндігі және теңіздің құмды жағалауында демалыс күтеді.