05/04–12 «МАҢҒЫСТАУ ҚАЗЫНАСЫ»
Автобуспен, 12 сағат. Қашықтығы — 260 км.
Бұл экскурсияда Сіз Маңғыстаудың нағыз қазыналарын көресіз. Табиғаттың тылсым туындысы саналатын Торыш шар тәрізді тас конкрециялары — шығу тегі әлі күнге дейін нақты анықталмаған, алып тас шарларымен көпшіліктің қызығушылығын тудырады. Аңғар бойымен жаяу серуен ұйымдастырылады.
Одан әрі Құмақапы каньонында демалыс. Таулы жоталарды жарып өткен ұзын әрі тар шатқалдар бұлақ суларының салқыны мен жасыл желектің сыбдырына толы болып, табиғат аясында жайлы тынығуға және каньон ішінде серуендеуге қолайлы жағдай жасайды.