05/04–15 «МАҢҒЫШЛАҚТЫҢ КӨНЕ ДӘУІРЛЕРІ»
Автобуспен, 12 сағат. Қашықтығы — 320 км.
Бұл экскурсия барысында Сіз IX–XIX ғасырларға жататын бірнеше некропольді көресіз. Мавзолейлердің тылсым айбыны мен көркемдігі, далада дара тұрған қорғандар мен тас мүсіндердің қатаң үнсіздігі, жартастарға қашалған суреттер галереясы ерекше әсер қалдырады. Аңыздар мен шежірелердегі өмір шындығы бұл сапардан өшпес әсер сыйлайды.
Дала ландшафтымен ғажайып үйлесім тапқан некропольдер — ата-бабаларымыздан қалған мұра, өткен ұрпақтардың тағдырымен бізді көзге көрінбес жіппен байланыстырады.
Бағдарламаға Сұлтан епе жерасты мешітіне бару және көркем Сұлтан-Епе сайы каньонында демалыс енгізілген.