05/04–14 «ЖАҚЫН ДА ҚҰПИЯЛЫ ТЕҢІЗ ТУРАЛЫ»
Автобуспен, 12 сағат. Қашықтығы — 158 км.
Бұл экскурсия Каспий теңізі акваториясында жағалаудағы мемлекеттер арасындағы ықпал аймақтарын бөлуге байланысты тарихи оқиғалармен, сондай-ақ теңіздің Қазақстандық бөлігінің Республика үшін маңыздылығымен таныстырады. Сіз Каспийді зерттеген саяхатшылар мен ғалымдар, теңіз алабының қалыптасу тарихы, сондай-ақ теңіздің бірегей флорасы мен фаунасы туралы мәлімет алып, Каспий туралы ой-түсінігіңізді жаңа бояулармен толықтырасыз.
Бағдарлама Каспий теңізі жағалауындағы «Көгілдір қойнау» аймағында демалысты қамтиды. Жабайы жағажай, ерекше түсті су, гроттары бар құпиялы жартастар, сондай-ақ Каспийдің көгілдір толқындары үстінде асқақтап тұрған «Шайтан саусағы» атты биік жартас-мұнара табиғаттың айрықша көрінісін ашады. Бұл теңіз жағасында табиғаттың қуаты мен сұлулығын сезініп, толқындардың баяу сыбдырымен жартасты қияда отырып қармақ салуға тамаша мүмкіндік.