05/04-030 «БОЗЖЫРАНЫҢ ТАҢҒАЖАЙЫП АҢҒАРЫ»
Автобуспен, 16 сағат. Қашықтығы — 600 км.
Бозжыра — борлы таулар мен қалдық текті мұнаралы шыңдармен көмкерілген Үстірт жазығының көркем жарқабағы. Мұнда көз қарықтырардай аппақ жартас қалдықтары орналасқан, олардың ішіндегі ең танымалы — әктас шоқылары аспанға ұмтылып, екі азу тісті еске салатын ерекше жартас. Ақ түсті қиял-ғажайып ландшафттар аясында табиғаттың ұлылығын толық сезінуге болады.
Экскурсия бағдарламасына Бозжыраның жоғарғы бақылау алаңдарына бару енгізілген.