ТОМИРИС ПАТШАЙЫМНЫҢ МЕМЛЕКЕТІНЕ 2500 ЖЫЛ
Мақала авторы: Алқажан Еділхан, өлкетанушы.
Ия, біз сақтармыз!
А.Блок

Парсылар скифтердің бәрін сақ дейді
Геродот.

Қазақстанның сақ тайпалары андрон тұрғындарының – арийлер мен тұрлардың, даһалар мен дандардың тікелей ұрпақтары.
Кляшторный С.Г., Турсунов Т.И.
Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімі цитология және генетика институтының ғалымдары Германиялық, АҚШтық және Франциялық әріптестерімен бірге бүкіл Еуразиядағы скиф мәдениетін ұстанушыларға скиф тарихының демографиялық негіздерін түсіну үшін өте ірі генетикалық зерттеу жүргізді. Нәтижесінде еуразия даласының әр тұсындағы скифтер бірі біріне өзге халықтардан гөрі жақын болып шықты, ал олардың ұрпақтары қазіргі түркі тілділерге жатады екен.
«Nature Communications» журналы. XII.2016.
ТОМИРИС ПАТШАЙЫМНЫҢ МЕМЛЕКЕТІНЕ 2500 ЖЫЛ
Мақала авторы: Алқажан Еділхан, өлкетанушы
"Томирис" картинасы, суретші: Дузельханов Агимсалы Дузельханович
Скиф қоғамдастығы тарихи Днепрден Байкалға дейінгі территориялық тұтастықты құрайды, ал бұл жағдай өз кезегінде бүгіндері осы кеңістікте тұратын барлық халықтардың этникалық тұтастығын қамтамасыз етеді, және де тек түркітілді халықтардың, Кавказ халықтарының ғана емес, солармен бірге славяндарды да. Славян халықтарының озық ойлы тұлғалары әрқашан өздерін скиф сезінген, мысалы, ұлы орыс ақыны А.Блок. Бүгіндері бірқатар ресейлік генетиктер орыс халқының бойында да скифтік гендер бар екендігін ашты. Бұның бәрі Томирис патшайым мемлекеті тарихының бүкіл Қазақстан тұрғындарына ортақ құндылық екендігін көрсетеді. Тарихшылар анықтаған маңызды дата – сақ патшайымы Томирис пен парсы патшасы Кирдің шайқасы бұдан 2490 жыл бұрын (б.з.д. 533 жылы) болды. Патшайымның мемлекеті бұл шайқасқа дейін де және кейін де ұзақ жылдар өмір сүрген. Яғни сақ мемлекетінің 2500 жылдығы тарихи дәлелге негізделген құбылыс.

Тарих ғылымымен маңғыстау үйіктерінің скифтердікі екендігі даусыз дәлелденген. Біздің аймағымыз осы бір басқалардан өте бөлек ерекше скифтік ескерткіштердің орасан көпшілігіне ие. Жарты жүзден астам бұл ескерткіштердің тек төртеуі ғана қазылып зерттелді, археологиялық жұмыстардың аяқталмағанына қарамастан бұлардан өте құнды мәліметтер алынды – екі үйік «патшалық» болып шықты, яғни алтын киімді үстем санаттағы тұлғалар жерленген екен (табылған алтын бұйымдарға қарағанда). Сонымен бірге сол скифтердің дүниетанымы бүгінгі маңғыстаулықтардың менталитетіне өте ұқсас болып шықты, мысалы, үйіктерден төңкерілген қазандар табылды, жергілікті тұрғындар бүгіндері де адамы қайтқан үйдің қазандарын төңкеріп қояды. Скиф үйіктеріне кіреберіс, ережелеріне сәйкес, кісі бойынан биікте орналасқан. Ал маңғыстаулықтар бүгіндері, ерекше жағдайларда қайтқан кісіні есіктен емес жабықтан шығарып жүр. Яғни, ежелгі скифтер – қазақтың арғы аталары, қайтқан кісіге есігі жоқ киіз үй тіккен, дүние жаратылардағы қалпына – әлемдік жұмыртқаға (маңғыстаулық археолог А.Астафьевтің интерпретациясы бойынша) оралды деп есептеген. Скиф қоғамының одан әрі дамуына байланысты киіз үй тас үйікпен алмастырылған.

Облысымызда жергілікті тұрғындардың скиф қоғамдастығына қарайтындығына куәлік беретін жер-су аттары, тілдік айғақтар, фольклор, дәстүр және өнер ескерткіштері сақталып қалған. Осыған байланысты Маңғыстауда терең зерттеулер жүргізу үшін, мысалы, скиф тілін, яғни көнепарсы (үндіеуропалық) және көнетүркі тілдерін, қазіргі қазақ тілінің қайнар көзі ретінде дәлелдеу үшін, интеллектуальдық әлеует жинақталып келеді.

Облыста қазақ жылқысының жергілікті адай тұқымын – арий, дай, гунн сияқты скифтердің арғымақтарының тікелей ұрпағын – одан әрі жетілдіре беруге мүмкіндіктер мол.

Аймақта терең құдықтарды – номад-скифтер ойлап тауып өркениеттің жер бетіне таралып, дамуына шешуші әсер еткен нысандарды – қазған құдықшылар өмір сүрген.

Киіз үйді ойлап табу да номадтардың адамзаттың дамуына қосқан төрт (жылқыны қолға үйрету, дөңгелек жасау, құдық қазу, киіз үй тігу) үлесінің бірі.

Облыстың барлық жерінде палеографиялық суреттер мен руникалық таңбалар көптеп ұшырасады.

Жергілікті зергерлердің өнері атақты скифтік стильдің генетикалық жалғасы болып табылған.
Неміс этнографы Рихард Карутцтан бастап шығыстанушы ғалымдар қазақтың ұлттық киімдерінде скифтік стиль қазқалпында сақталған деп есептейді. Ақтаулық Е.Синицина және «Тәрбия» студияларының киім үлгілері бұл ғалымдардың пайымдары шындыққа сай келетіндігін дәлелдейді.

Облыс жерінің үстімен Скиф жолының ежелгі Үндістанға және Қытайға баратын екі тармағы өткен. Кейіннен олар Жібек жолына, Ноғай жолына, Мақта жолына, тіпті Шойынжолына айналды. Алтын Орда тұсында бұл жолдардың бойында тамаша керуенсарайлар, көзтартар құландылары бүгінге жеткен, салынды.

Аймақтың ғылыми-педагогикалық және зерттеушілік бірлестіктері жеткілікті интеллектуальдық әлеуетке ие әрі тиімді үйлестіру болса скиф заманындағы Маңғыстаудың тарихы жайында соны ғылыми жаңалықтар ашуға, орта және жоғары мектаптер үшін ерек оқулықтар дайындауға, туристерге арнап танымдық әдебиеттер бастыруға мүмкіндіктері бар,
Маңғыстау туралы танымдық мақалалар біздің блогымызда