Авторы: Галина Ходоренко - "Турист" ЖШС ЭКСКУРСОВОДы
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ЖЕРАСТЫ МЕШІТТЕРІ
Жерасты мешіттері Маңғыстау өлкесінің тарихи ескерткіштері болып табылады. Бұл сәулеттік құрылыстары Қазақстан аймағынан басқа жерлерде кездеспейді. Олардың салыну уақыттары әр түрлі кезеңдермен белгіленеді. Мешіттер әлі ашылмаған құпияларға толы. Біздің дәуіріміздің орта ғасырларында алғашқы ислам таратушылардың мекеніне айналады. Олардың аттары жерасты мешітімен аталады: Шопан ата, Шақпақ ата, Масат ата, Сұлтан-үпі, Қараман ата және т.б., біздің кезеңімізге жақын Бекет ата.
Барлық жерасты мешіттері бірегей болып келеді. Алайда, көпшілік қауым Бекет ата мешітіне зияраттағысы келеді. Бұл мешіт Қарақия ауданы, Сенек елді-мекенінен 85 шм Оғыланды жерінде орналасқан. 6 камерадан тұратын мешіт биік жартаста ойылып салынған. Оғыландыдағы Бекет ата мешіті киелі орын болып табылады, шалғайда орналасқанымен, зиратшылардың легі толастамайды.
Түбектегі ең ежелгі Шопан ата қорымы және жерасты мешіті Қарақия ауданында, Сенек елді-мекенінен 12 шм орналасқан.
Ескерткішті ХІІ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген дана сопы Шопан атамен байланыстырады.
12 бөлмеден тұратын мешіт жартасқа ойылып салынған. Қорымның ортасында құдық қазылған.
Жартастығы Шақпақ ата мешіті бірегей архитектуралық кешенге жатқызылады.
Біздің заманымызға жақсы жетіп сақталған, таудан қашап салынған Орталық Азия мен Қазақстанның дараланған ғұрыптық құрылысы.
Шақпақ ата мешіті Таушық елді-мекенінен 30 шм жерде орналасқан. Археологтардың айтуымен мешіт ІХ-Х ғасырларда салынған.
Қараман ата қорымы және жерасты мешіті Шетпе елді-мекенінен 35 шм, Қарамандыбас жерінде орын алған. Биік төбеде тұрған Қараман ата қорымының жерасты мешіті 3 бөледен тұрады. Бұл құпиялы орын ХІІІ-ХІХ ғасырлармен белгіленеді. Қорымның аумағында ортағасырлық құлпытастар, тас қоршаулар, Адай шеберлерінің қолынан шыққан сағанатамдар мен күмбезтамдар бар.
Сұлтан-үпі қорымы және жерасты мешіті Форт-Шевченко қаласынан 57 шм орналасқан.
Қорым солтүстікке қарай құлаған кең, әрі терең тастақ сайдың шың бөктерінде тұр. Мешітке жақын жерде тұщы суы бар құдығы тұр.
Теңіз дауылы мен өзендегі сұрапылға тап болған балықшылар мен теңізшілер: «Сұлтан-үпі, сақтай гөр су апатынан!», деп сиынған. Содан бері ол суға кетіп бара жатқан адамдарға әрдайым көмекке келетін әулиесі атанған.
Сіз бен біздің міндетіміз келер ұрпаққа осы тарихи-мәдени мұрамызды сақтап, жеткізу болады!
Жерасты мешіттеріне зиярат ету мен саяхаттауға туроператор "Турист" ЖШС -ның авторлық экскурсиялары мен турларына жазылыңыз!
Маңғыстау туралы қызықты материалдар біздің блогта.