Бұл құмдар үнемі бір жерде тұрмай жылжып қозғалатындықтан, оларды «көшпелі» дейді, олар тіпті маңында орналасқан ауылды басып тастайтын түрлері бар. Мемлекет осы құмдардың жылжуын азайту мақсатында қамданып, шағылдарға төтеп беретін өсімдіктерді отырғызу шараларын қарастырады. Алайда жергілікті тұрғындарға өткір жел, көшпелі құм, жыланның ысылдаған даусына ұқсас жағымсыз дыбыстар келеңсіздік туғызып отырса – туристер үшін бұл нағыз экзотика, сонысымен тартымды. Көздеріңе мына көріністі елестетсеңіз: бір жағынан – 30 метрлік алтын шағыл құмдар, екінші жағынан – борлы шың, көгал, ауылдың айналасында еркін жүрген түйелер.