Құлбаласы ұрпақтарына қарасты бес жерде қауымдық бар: Мәулім, Боздақ, Кәді, Шома, Есалы. Бұдан басқа Тұщыбекте, Қамысбайда, Қырғында, Бөгетте және Ақтамда бар. "Кәді" – жер аты, таулы Маңғыстауда, Шайырдан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде. Кәді құдығы – 10 км, мола – 11 км жерде, алқап – 16 км жерде орналасқан. Кәді деп аталу себебі – ежелгі тұрғындардың осы алқапта кәдіні егіп өсірген.
"Кәді" қауымы – Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр ауылының батысында орналасқан көне қорым. Бұл жерде жерленген Құлбаласы ұрпақтарының аты-жөні туралы төмендегіше:
Міне, осы аталған кісілер осы қорымда жатыр, бұл мәліметтерді 2002 жылы қорым басына барғанда, Иран Ислам Республикасынан көшіп келген "Балықшы" руынан шыққан араб тілінен сауаты бар кісімен бірге жүріп, мазарлардағы жазуды жазып алғанмын.
Қалған зираттар әлі толықтай зерттелінген жоқ. Кейбір мазарлардың көнеріп құлауы және бұлыңғыр көрінуіне байланысты көптеген жазулар өшіп қалған. Алдағы уақытта зерттеуші мамандарымен бірге барып, құлаған құлпытастар мен зираттарды зерттеп, иелерін табуға тырысамын. Бұл зираттар көне заманнан бері келе жатқан бейіттер. Қазіргі күні бұл қорым мемлекет қарамағында, сыртын шарбақтап қоршап және нөмірлеп қойған. Жалпы айтқанда, Зорбайдан көптеген батырлар мен қол-өнер шеберлері шыққан. Бұл туралы жоғарыда аталған батырлар бейітінде жазылған мәліметтер куә. Құлбаласы руынан шыққан ұрпақтары сол "Кәді" қауымының айналасында кең жайлауда мал бағып, там салып, құдық қазып өмір сүрген.
Қырықкез қорымы
Қырықкез қорымы – көне бейіт орны. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде. Қорымдағы ең көне күмбезді там 12 ғасырда тұрғызылған. Кейінгі уақытта салынған ұқсас сағана тамдар да кездеседі. Сонымен қатар қорымның батыс бөлігінде пирамида іспетті қойтастар, ұштастар, бестастар, бесіктастар, бірнеше қатарлы жайпақтастар ұшырасады. Олар түрлі ою-өрнектермен безендірілген. Көпшілігі 18-20-шы ғасырларда тұрғызылған. Салынған ою-өрнектер, кешендер қазақ халқының рухани мәдениетінен мол хабар береді. Қорымдағы әрбір ескерткіш қайталанбас бірегейлігімен ерекшеленеді. Осы қорымда қазақтың суырыпсалма ақыны Қашаған Күржіманұлы жерленген. Қырықкез қорымын жергілікті халық қасиетті киелі орындардың бірі санайды.
Қосымша дерек – «360 әулиелі Маңғыстау» кітабынан
Қырықкез әулие
Шайыр ауылынан 15 км солтүстік-батыс бағытта орналаскан. 44°21.43.85; E051°44.35.66; Қорым кішігірім төбенің үстіне жайғасқан және айналаны шолып қарағанда көзге алыстан жақсы көрінеді. Қорымның ортасында көне кесене орналасқан. Ол іргетассыз, саз бекітпе-балшықпен әкті құмтастың тақта тастарынан қаланған, тік бұрышты кішігірім құрылыс түрінде. Төбесі күмбезді жабылымды, жалған төбе әдісімен жасалған қаландылардың катарлары бір-бірінің үстінен мінгескен. Аныз бойынша, бір кісіні жерлемек болған сайын, әлгі адамның денесі бір кезге (80 см-ге) созыла берген деседі. Ақыры осы адам үшін 40 рет қатарласқан бейіт қазылып, ол кісінің бойы 40 кез болған екен. Шындығында сол адам жатыр деген жердегі бейіт- тің таспен қоршалған ұзындығы ол кісінің алып болғанын көрсетеді. Осы әулиелікте қазақтың атақты жырау акыны Қосайдың Бәли руынан шыққан Қашаған Күржіманұлы жерленген. Ақынның 150 жылдық мерейтойына арналып, басына күмбезді кесене тұрғызылды. Кесене өңірдегі ең жақсы сәулеттік өнер дәстүрінде жасалған. Күмбезді салған сәулетші-шебер Мақсұт Нұрқабаев. Қазіргі таңда қорым - күтімге алынған және бүкіл аймағымыздың халқының тағзым етер, зияратқа келетін жерлерінің бірі. Жергілікті дәстүрді білетін әрбір адам мұндағы кішігірім ошағы мен сырығы, тас қалан- дымен рәсімделген «Қырық кез әулиенің» тұсына тоқтап, құран оқиды.
Маңғыстау туралы қызықты материалдар біздің блогта. Сіз "Турист" ЖШС туроператорының "Мәңгілік перденің артында" экскурсиясында және "Маңғыстау ғажайыптары"екі күндік турында осы қасиетті орындардың рухына тағзым ете аласыз